Ақ ши - жүн орамаған, құр шиден өзінен тоқылып жасалған төсеніш немесе киіз үйдің және тұрмыста қолданылатын бұйым. Шидің халық арасына тарағап негізгі үш түрінің ішінен (ақ ши, ораулы ши, шым ши) ши өсімдігінен қабығы аршылып тоқылатын ақ шидің сәндік, декорациялық сипатынан гөрі, тұтыныстық жағы басым: ақ шиді киіз басуға, өре жабуға, сүзгіге, шыптаға, мал сойғанда еттің астына салуға арналады.
Өң бойы тұтас емес әр жерінен аралатып оралған шиді орама ши немесе ораулы ши деп ат айды. Бұл да ши сияқты сәндік жиһаздарының бірі. Ораулы ши де, ақ ши де керегенің сыртынан, туырлықтың ішінен ұсталады. Ас-су сақтауға арналып тоқылған ораулы ши үйдің ішінен ұсталады. Ораулы ши кезінде бағалы жиһаздардың бірі саналған.
Біркелкі оралған өрнекті шиді шым ши деп атайды. Бұл шиді кейде «жез ши» деп те атау ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған болса керек. Өн бойы өрнектелген шым ши киіз үйге, ас-су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау ретінде пайдаланған. Өрнектеп шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: