Қазіргі заман және балаларға жасалған мүмкіндіктер.
Қазіргі XXIғасырдың балалары ғылым мен техниканың дамыған заманында өмір сүріп жатқандықтан, оларға барлық мүмкіндіктер жасалған деп ойлаймын.
Әжемнің айтқан әңгімелерін тыңдасам, бұрынғы кезде суды да тасып, отын жағып, телефонмен қоңырау шалу үшін аудандағы поштаға барып, хабарласатын болған.
Ал қазір ше? Заман өзгеру үстінде. Кіммен сөйлесем десеңіз де, үйде сымды телефон, қолыңызда ұялы телефон, жер шарының кез келген жеріне телефон шалу мүмкіндігі бар. Интернеттің дамуы арқасында бұрын – соңды ойламаған жерлермен видео байланыс орнатып, кез – келген университеттің оқытушыларының дәрістерін тыңдап, ірі мұражайларды онлайн режимінде де аралауға болады. Сабаққа қажетті материалдарды да осы Интернет арқылы тауып, мультифункционалды құрылғылар арқылы шығарып алуға болады. Ал бұрын ойлап көріңізші, қағаздың барлығын қолмен жазып, кітапты тек кітапханада дәстүрлі түрде оқуға болатын. Қазір болса, кітапты да электронды түрде жүктеп алып, ыңғайлы кезде оқи аласыз. Шет тілдерін меңгеру үшін шетелде тұратын дос тауып, сөйлесуге де болады. Тіпті шетелдік іргелі оқу орындарының емтихандарын үйде отырып, ғаламтор арқылы тапсыруға болады. Қазір өмір әлдеқайда жеңіл деп есептеймін. Осы берілген үлкен мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, өз игілігімізге жұмсасақ нұр үстіне нұр болар еді.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: