көбе сауыт – дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың соғыста кебенек (киіз кеудеше) сыртынан киген сауыты.
Оның 2 түрі болған:
жүрек тұсын, білекті, тізені, иықты садақ оғынан, қылыштан, найзадан қорғау үшін жалпақ темірден жасалған көбе;
бүкіл кеудені қорғау үшін тырнақ көбесіне ұқсас қола не мыс, кейде алтын мен күміс табақшаларды қатпарлап тізіп немесе металл шынжырларды біріктіріп, көйлек тәріздес етіп жасаған Көбе.
Ол үшін алдымен қалың қатты теріден, сүйектерден, темірден белгілі бір пішінде тілікшелер берік мата, киіз немесе теріден жасалған астарға қайыспен немесе сыммен тігіп бекітіледы. Адам қимылына кедергі келтірмес үшін көбелер жоғары және орта тұсынан ғана бекітіліп, төменгі жағы бос қалдырылады.
Көбе сауыттың сыртқы пішіні әр түрлі болып келеді. Ұзын немесе қысқа етекті, жеңді немесе жеңсіз, жағалы немесе жағасыз түрлері де кездеседі. Көбе сауыттың жеңдері ішкі қолтық жағынан ашық болып жасалады. Көбе сауыт бүйірлерінен ашылып, мойыннан киіледі де жеңдері, бүйірлері баулармен байланады. Ұзын етекті сауыттар да қозғалуға кедергі келтірмес үшін алдынан және артынан немесе екі бүйірінен жырылып жасалады. Көбе сауыттан денеге оқ, қару өтпес үшін кейде кеуде, арқа тұсына, иықтарына болат тақташалар орнатылады.
Кейінірек жеңіл көкірекше түрі шыққан. Садақ оғы көбені бұза алмағаннан кейін көбе бұзар қозыжауырын жебелер шыққан. “Көкірек қысқан көбені, қозыжауырын ғана бұза алар” деген сөз осыдан қалған. Батырлар мінетін аттың арқасы мен жонын, қабырғасы мен мойнына жабатын көбелер де жасалған.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: