әкеге қарап ұл өсер шешеге қарап қыз өсер мини сочинение по пословице
Answers & Comments
avaykyzy210505
Отан отбасынан басталады. Кез келген ата-ана баласына дұрыс тәлім-тәрбие беруге міндетті. Оларды еңбекке, білімге баулуға, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуге үйретулері тиіс. Бұл барлық ата-ананың мойнына жүктелген борыш. Сол себептен болуы керек ата-бабамыз «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген екен. Әкеге қарап ұл өседі, ал шешеге қарап қыз өседі. Сіздің әрбір жасаған ісіңіз, баланың сана сезіміне тікелей ықпал жасайды. Ал ол баланың тәлім-тәрбиесіне, мәдениетіне міндетті түрде әсер етпей қоймайды.
Answers & Comments