Келешектің мамандықтары

Мәтін бөліктерін дұрыс орналастырып, диалог құр.

– Сәлем, Зағира!

– Сәлем, Маржан, оқуың қалай?

– Жақсымын, мен инженер-математик мамандығында оқимын ғой, оқу өте ауыр, біраз қиналып жүрмін.

– Иә, естігем. Ал өзге мамандықтар үшін ше?

– Олар үшін қиын уақыт басталады. Дүниежүзілік экономикалық форум мамандарының пікірінше, таяу жылдары мына мамандықтарға деген сұраныс төмендейді: құрылысшы, өндіріс жұмысшылары, кеңсе және әкімшілік қызметкерлері, тілшілер мен сәнгерлер.

– Сонымен қатар құрылысшылар мен жұмысшыларды да 3D принтерлер мен роботтар алмастырады екен.

БҰҰ баяндамасына сәйкес, дамушы елдердегі роботтандыру электротехника және автокөлік саласындағы қызметкерлердің үштен екі бөлігінің орнын баспақ. Сонда 3D принтерлер құрылысышылардың да 50%-ын жұмыссыз қалдырады.

– Ал жүргізушілерді жақын күндерде автопилот алмастырады екен.

– Мамандардың ойынша, ерте ме, кеш пе, роботтар көптеген мамандықта адамдарды алмастырады. Сонда адамдардың басым көпшілігі өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды.

– Дұрыс айтасың. Үнемі ізденіп, біліктілігін көрсете алатын адамдар үнемі сұранысқа ие болар. Сенімен пікірлескен маған ұнайды.

– Маған да сенің пікірің өте маңызды, досым.

– Жақсы, кездескенше!

– Сау бол!

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.