Елімізде екі қолға бір күрек таппай, жетім бұрышты жағалап жүргендер аз емес. Сөйте тұра қолымызға бір-екі теңге түссе жалдамалы жұмысшының қызметіне жүгінетін жаман әдетіміз тағы бар. Дәл қазіргі құрылыстың қызған шағында шетелден келіп, жалданып жұмыс істейтін гастербайтерлерді кез келген ауылдан кездестіруге болады.
Ресми дерек бойынша біздің ел еңбек мигранттарын қабылдау көрсеткіші жөнінен әлемде 9-орында тұр. Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтеріне қарағанда, Қазақстандағы еңбек мигранттарының саны 700 мыңнан асады. Оның бар болғаны 6-ақ пайызы ресми тіркеліп, заңды түрде жұмыс істейді екен. Демек, мигранттардың басым көпшілігі ресми тіркелмей, ешқандай салық төлемей еңбек етуде. Егер осы мәліметтерді негізге алып, ресми тіркелген 40 мың адамның ең төменгі жалақысы 60 мың теңге мөлшерінде деп санасақ, келімсектер айына елімізден 2 млрд. 400 млн. теңге жинайды. Бұл тек ресми тіркелген мигранттарды ең төменгі жалақымен есептегенде шыққан қаржы. Ал, шындығында олардың саны 40 мың адамнан әлдеқайда көп екені баршаға белгілі. Бұл дегеніміз ел экономикасынан қаншама қаражат сыртқа кетіп жатыр деген сөз. Бұл – бір. Екіншіден, сырттан келіп сазға отырғызып кететіндер көп. Түрлі қылмыстық оқиғалар да келімсектердің қолымен жасалып жатқанын күнделікті өмірде көріп жүрміз. Сондай-ақ, сырттан келген жұмысшы ол тек жұмыс күші ғана емес, ол қоғамның мүшесі болғандықтан, өзінің тілін, мәдениетін, ділін, ұстанымын да әкелетінін естен шығармау керек.
Answers & Comments
Ответ: