Келісу/келіспеу эссесінің құрылымында кеткен қатені тап.
Әлемнің кереметтерін жариялап отыру ежелгі Грекиядан бастау алған. Бір өкініштісі, осы
кереметтердің ішінде сақталғаны - Хеопс пирамидасы ғана, ал қалғандары біздің заманымызға
дейін сақталмаған. Бұл тізімге енген ғажайыптардың көбі – көненің көзі, сондықтан да әлемнің
жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек деген пікірмен толықтай келісемін.
Ойымды дәлелдер болсам, біріншіден, адамзат өркениетінің шарықтау шегіне жеткен ғасырда
әлемнің әр бұрышында аспанмен таласа бой көтерген заңғар биік, ғаламат кешендер салына
бастады. Мәселен, Патша мұнарасы болашақта әлемдегі ең биік ғимараттар көшін бастамақ. Ол
биіктігі 828 метрге жететін «Бурж Халифа» мұнарасынан асып түспек. Араб елінің төрінен орын
алған бұл ғимаратта кондоминимдер, керемет кеңселер, обсерватория, «Four Seasons» қонақ үйі
және 157 қабатында әлемдегі ең биік терраса орналаспақ.
Екіншіден, адамзаттың ой қиялы дамығаны соншалық оларды көне ғажайыптармен таңғалдыра
алмайсың, олар: жаңа кереметтерді іздейді. Мысалы, Қос жартаспен «құшақтаса орналасқан»
Қытайдың Даванг таулы шипажайы - табиғаттың нағыз кереметі-170 метр аумақты алып жатқан
алып шипажайда мұз айдыны, жабық шаңғы кешені, аквапаркпен қатар аспалы бақша орын
алған. Қытайдағы «Сонджанг» демалыс кешені де тау шатқалдары мен сарқырап аққан өзеннің
ортасына салынған. Егер жоғарғы қабаттан төменге түсетін болсаңыз, онда су астындағы
тамаша көріністі тамашалайтын боласыз.
Шындығына келгенде, жаңа кереметтерді жариялау әр елдің өркениет жолында даму деңгейін
көрсетеді, туризм саласын дамытып, мемелкеттер арасында бәсекелестікті арттырады. Демек,
әлемнің жеті кереметін уақыт өткен сайын жаңғыртып тұру өте маңызды.
Тақырыптық сөйлемдер мен сөйлемдердің арасында өзара байланыс жоқ
Әр пікірден кейін қысқа тұжырым жасалмаған (сонымен, қысқасы сөздері арқылы жасалады)
Кіріспесі, негізгі бөлімі, қорытынды бөлімі ой бөліктеріне бөлінбеген
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:вот правильный ответ
Объяснение: ставьте лайк и комментарии