Кендебай ұйықтамай отыра береді. Таң біліне берген кезде бие алтын күй-
рықты, кұндыз жүнді арғымақ құлын туады.
Бір кезде аспаннан бір бұлт түйіліп келеді де, құлынды ала жөнеледі. Кен-
дебай шап беріп, құйрыктан ала түседі. Кендебайдың қолында алтын құйрық
жұлынып қала береді. Кендебай алтын кұйрықты қойнына тығып, ұйықтап
қалады.
Ертеңіне таң сәріден хан екі баласын шақырып алып, не көргендерін
сурайды....
Осы жерден Керқұала атты кедне байды жалғастыр керек еді оз ойыңша білседер ответ жіберіңдерш пж пж пж
Answers & Comments
Ответ:
Ертеңіне таңсәріден хан екі баласын шақырып алып, не көргендерін сұрады. Балалары тұрып:
- Бие құлындаған да жоқ, ешнәрсе болған да жоқ, - деп жауап береді.
Хан тағы да таңқалып отырғанда, Кендебай есіктен кіріп келіп:
- Дат, тақсыр! - дейді.
- Датың болса, айт! - дейді хан ақырып.
- Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны өтірік. Бұларға көрінбей мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды. Таң алдында бие бір алтын құйрықты, құндыз жүнді құлын туды. Аспаннан бір бұлт түйіліп келді де, оны көтеріп ала жөнелді. Мен құйрықтан шап беріп ұстай алдым. Бұлтпен араласқан үлкен құс құлынды алып кетті де, құйрық менің қолымда қала берді, - дегенде, сөздің аяғын күтпей:
- Құйрық қайда? - деді хан.
- Тақсыр, сабыр етіңіз. Мен алтын құйрықты пайда қылғым келсе, сізге айтпаймын ғой, міне, құйрық, - деп Кендебай құйрықты қойнынан суырып алғанда, үйдің іші жап-жарық болып кетеді. Ханның балалары ұялып жерге қарайды.
- Қазір үшеуің іздеп шығып, құсты да, құлынды да тауып келіңдер. Таба алмасаңдар, менің маңымды көрмеңдер! - дейді хан.