Кенже бала - отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол – қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған.
Тірек сөздер:
2. Тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып қойыңыз.
Тақырып: _______________________________
3. Жұпта «Отан отбасынан басталады» тақырыбында диалог құрастырыңыз. Тыңдалым
мәтініндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Тірек сөздер: кенже бала, қара шаңырақ, ата-ана, отбасы.
Мәтіннің тақырыбы: Қара шаңырақ.
«Отан отбасынан басталады» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Алмасбек, маған шығармашылық жұмысқа түрлі адамдарын пікірін жинастырып, талдау жұмысын жасау керек. 5 – 10 минут уақытың болса, бір сауалға жауап беріп, өз пікіріңді айтқанға қалай қарайсың?
Алмасбек: Жақсы, қандай сауал екен?
Еркебұлан: Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Осы сөздермен келісесің бе, жалпы пікірің, көзқарасың қандай?
Алмасбек: Иә, толықтай келісемін. Себебі, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Еркебұлан: Қандай керемет жауап. Рахмет. Жалпы, отбасында ұл бала мен қыз бала тәрбиесі қандай болу керек?
Алмасбек: Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген. Қай заманда болмасын, қазақ отбасында ұл бала әкеге қарап,қыз бала анаға қарап есейеді. Әкелеріміз ұл баланың бойына өнер мен еңбектi,iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар сiңiрген. Ал қыз баланы инабатты да көргенді болып өсуіне аса мән берген.
Еркебұлан: Пікіріңе көп рахмет, достым!
Алмасбек: Оқасы жоқ.