Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уасаллам” «Адамның денесінде бір ет бөлшегі бар. Ол жақсы болса, бүкіл мүшелер жақсы болады. Ол жаман болса, бүкіл мүшелер бұзық болады. Ол – көңіл» деп бұйырған. Яғни біздің жүрек деп атайтын бір бөлшек етте болатын қуатқа ишарат етілген. Көңілдің жақсы болуы – жаман мінезден тазарып, жақсы мінезбен безенуі дегенді білдіреді.
Мінезді өзгертуге болады. Жаман мінездерден арылып, жақсы мінездермен безену арқылы өз-өзін тәбиелеу мүмкін нәрсе. Хадис шәрифте «Мінездеріңді жақсартыңдар!» делінген. Ислам мүмкін болмаған нәрселерді әмір етпейді.
Жаман мінездің барлығы үшін ортақ шара – аурудың не екенін және оның зиянын және себебін және оның терісін және оған жасалатын шараның пайдасын білу болып келеді. Кейін бұл ауруды өзінде іздеу, табу өзіне диагноз қою керек. Бұл диагнозды әркім өзі жасайды. Немесе бір ғалымның, жол көрсетуші мүршидтің айтуымен түсінеді. Мұсылман – мұсылманның айнасы. Адам өзінің кемшілігін көруі қиын. Сондықтан сенімді досынан сұрап кемшіліктерін білсе болады.
Адамға дұшпандарының айтқан сөздері де, өз айыбын, кемшілігін білуіне себеп болады. Өйткені дұшпан, адамның айыбын іздеп, бетіне басады. Ал жақсы достар айыбын көрмейді. Біреу хазреті Ибраһим Әдхамға келіп айыбын, кемшілігін айтуы үшін жалынады. “Сен досымсың. Барлық халің, әрекеттерің маған әдемі көрінеді. Кемшілігіңді басқалардан сұра” дейді.
Answers & Comments