Кесте бағандарына ат қой
Ұшақ қалай пайда болды?
Өзге құралдар сияқты ұшақтар да өздігінен пайда болған жоқ. Ұзақ ізденістің, ерен еңбектің арқасында алғашқы ұшақты жасап, ұшырып, тәжірибе жасаған – өнертапқыш ағайындылар Уилбур мен Орвилл Райттар.
Райттарға ұшақ ойлап шығаруға «хеликоптер» деп аталатын ойыншық ой салған. Олардың әкесі – Мильтон Райт 1878 жылдың көктемінде іссапардан келе жатып, дүкеннен балаларына ойыншық алмақшы болады. Дүкенде бұрын-соңды көрмеген ойыншыққа көзі түседі. Бұрамасын бұраса, ызыңдаған дыбыс шығарып, тірі жәндік сияқты аспанға ұшады. Ойыншықты сатып алып, екі ұлына апарады. Ерекше ойыншықтың құны да арзан емес еді. Елу центке жаңа жейде мен сырты қапталған дұға кітабын сатып алуға болады. Күні бойы ойнаған балалар оны сындырып алады. Қымбат ойыншықты сындырғанға әкесі ұрсады. Ағайындылар хеликоптердің қалай жасалғанын көру үшін ішін ашады. Уилбур мен Орвилл Райттардың ұшатын құрылғы жасауына осы зат ойтүрткі болады.
2)Ұзақ ізденіп, көп еңбектенген өнертапқыштар Уилбур мен Орвилл Райттар алғашқы ұшақты жасап, ұшырып, тәжірибеден өткізген. Оларға ұшақ ойлап шығаруға бұрамасын бұраса, ызыңдаған дыбыс шығарып, тірі жәндік сияқты аспанға ұшатын «хеликоптер» деген ойыншық ой салған.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.