Кестеде берілген тапсырмаға сиптаттамасын жазыңыз.
№ Тапсырмалар Сипаттама
1 Ұлы Жібек жолы қалай пайда болуы
2 Ұлы Жібек жолы деп аталуы
3 Ұлы Жібек жолының ұзындығы
4 Ұлы Жібек жолының мақсаты
5 «Нефрит жолы» деп аталуы
6 «Лазурит жолы» деп аталуы
7 Ұлы Жібек жолымен тасымалданған заттар
8 Ұлы Жібек жолы әлемдік мәдениетке қосқан үлесі
9 Қала мәдениетінің дамуына әсері
Answers & Comments
Verified answer
1 Ұлы Жібек жолы қалай пайда болуы
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған.
2 Ұлы Жібек жолы деп аталуы
Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Яғни, осы жол арқылы жібек матасы көп саудаға түсіп, жер-жерге тараған.
3 Ұлы Жібек жолының ұзындығы
12800 км
4 Ұлы Жібек жолының мақсаты
Мақсаты әу баста жібекті Қытайдан тарату, саудаға енгізу болса, кейіннен Азия мен Еуропа елдері арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында жалғасқан.
5 «Нефрит жолы» деп аталуы
«Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік әшекей бұйымдарға қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған.
6 «Лазурит жолы» деп аталуы
«Лазурит жолы» - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары бағаланған.
7 Ұлы Жібек жолымен тасымалданған заттар
Маталар, бағалы тастар, бұйымдар, қыш құмыралар, зергерлік бұйымдар, киімдер, астық өнімдері, шай, дәнді-дақылдар т.б.
8 Ұлы Жібек жолы әлемдік мәдениетке қосқан үлесі
Ұлы Жібек жолы арқылы Еуропа мен Азия арасында байланыс көпірі орнап, сауда-саттық дамыды, мәдениет өркендеді, халықтардың бірігуі, алмасуы жүрді.
9 Қала мәдениетінің дамуына әсері
Ұлы Жібек жолы бойында Исфиджаб, Усбаникент, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген әсері мол. Қалалар мен далаларды, тау етектерін сақтар, үйсіндер, қаңлылар, кейіннен түргеш, қарлұқ, оғыз, кыпшақ, қимақ сияқты ежелгі түркі тайпалары мекендеген. Қалалар бой көтеріп, жәрмеңкелер ұйымдастырылған. Сол себепті жан-жақтан, шалғайдан халық қалаларға ағылған. Қалаларға жаңа сәуле, өнер үлгілері тараған.