Киім стильдері.
«Стиль» сөзі латын тілінен аударғанда «мәнер», «сипат», «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Киімде бірнеше стиль қалыптасқан:
Классикалық стильге ұстамды, ресми киім үлгілері жатады. Аксессуарлары (стильді толықтыру үшін керек заттар: сағат, әшекейлер, сөмкелер, портмоне, т.б.) да алабажақ емес, түстері біркелкі болып келеді. Кеңсе қызметіне, жиналыстарға, іскерлік кездесулерге классикалық стиль де киінген дұрыс.
Романтикалық стильдегі киім үлгілері ерекше әшекейді қажет етеді, нәзік, өте әдемі, түстері әр алуан, аксессуарлары мол болады.
Спорттық стильдегі киімдер – күнделікті өмірде, саяхатқа шық қанда киетін, жеңіл, жүріп-тұруға ыңғайлы киімдер.
Фольклорлық (этникалық) стильдегі киімдер – ұлттық сипат тағы осы заманғы киімдер. Бұл киімдер сәнді қолөнер заттарымен безендіріліп, ұлттық нақышта орындалады.
1.Мәтінмен жұмыс:
1 Мәтіндегі стиль түрлерінің қайсысы жаныңа жақын?
2 Сәнді аксессуарларға нелер жатады?
Ілгерінді ықпал.
Сөз бен қосымша, сөз бен сөз аралығындағы алғашқы дыбыстың соңғы дыбысқа әсер етіп, өзіне ұқсатуын ілгерінді ықпал дейміз.
Сөздің соңғы дыбысы қатаңға аяқталса, онда оған жалғанатын қосымша да қатаң дыбыстан басталады. Мысалы; қасық-тар, қызмет-ші
Сөздің соңғы дыбысы ұяң дыбысқа аяқталса, онда оған жалғанатын қосымша да негізінен ұяң дыбыстан болады. Мысалы: қыз-дар, сөз-дер
Сөз соңы ш дыбысына аяқталып, оған жалғанатын қосымша с дыбысынан басталса, ол ш дыбысына айналады, ал жазуда с аяқталады. Мысалы: ішсін-ішшін
Сөз соңы дауысты дыбысқа немесе ұяң мен үндінің біріне аяқталса, онда оған жалғанатын қосымша қатаң қ,к дыбыстарынан басталса, ол айтылуда ұяң г,ғ айналады. Мысалы: Қаракөз-Карагөз,
Алдыңғы сөз қатаң дауыссыздардын біріне аяқталып келесі сөз ұяң б дыбысынан басталса, ол айтылуда қатаң п дыбысына айналады. Мысалы; Айтбек-Айтпек
2- тапсырма:
Тілеуқабыл-
Сарықұм-
Бекбол-
Талдықорған-
Досжан-
Қамысбай-
помогите пожалуйста..
Answers & Comments
1-тапсырма
1.Маған жақын стиль түрі спорттық стиль және классикалық стиль .
2. Сәнді аксессуарларға Сөмкелер, әшекелейлер, сағат және т.б жатады