Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінеді. Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа Киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін – иықтан, мықыннан киілетін Киім түрлері пайда болды. Тігіссіз Киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы, үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; ежелгі гректер гиматий; солтүстік халықтары теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен Киім дайындады. Аяқкиім түрлі ағаш, тері, көннен жасалады. Кеуделік Киім пішілуіне қарай тұйық (орыс косовороткасы, эскимос анорині), алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып келеді. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этнографиялық ортасын танытады. Көшпелілер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі алдынан ашылатын қаусырынатын кеуде Киім – шапанды адамзат өркениетіне қосты. Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күләпара), балуан, батыр Киімдері болған. Жас ерекшелігіне қарай бала Киімі, бозбала Киімі, бойжеткен Киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше Киімі, ақсақал Киімдері үлгілерінің әшекейі, тігілуі, сырылып, кестеленуі әртүрлі болып келеді. Жасы ұлғайған адамның Киімі денеге қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі, жалтырауығы аз, қарапайым, кең бола түседі. Күйеу киімі – ұзын төбе тымақ, қызыл манат шапан. Сонымен бірге бақсы Киімі, сал-сері Киімінің де өзіндік сәндік ерекшелігі болады. Әркімнің жеке басында іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат, ғұрып Киімі болады. Бір киер Киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді Киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт жекпе-жекке түсерде, соғысқа барарда Киімдердің ең жақсысын, көрнектісін киген (қараңыз [1]). Қазіргі заманғы Киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналады. Сондай-ақ, әскерилердің, өзге де мамандықтардың арнаулы Киімдері, сәндік Киімдер түрлері бар.
Объяснение:
осы жетет шығар
3 votes Thanks 7
aarunaa
Археологиялық қазбалар нәтижесі киімнің қарапайым түрі көне палеолит дәуірінде пайда болғанын анық дәлелдейді. Бұл дәуірде тек тікелей табиғаттан алынатын өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Бұл кезеңде костюм сыртқы ортаның әсерінен қорғайтын қабыршық рөлін атқарған. Неолит дәуірінде ең қызығы сол – әлі күнге дейін өзінің өзектігін жоймаған киімнің негізгі үлгілері пайда бола бастады. сәндік, сәндену деген ұғымдар сонау тас дәуірінде Еуропада пайда болған. Ер адамдар пілдердің, мүйізтұмсықтардың, сусиырлардың тісі мен жүндерінен әртүрлі әшекей бұйымдар жасап, мойындарына тағып, терісін оң иыққа жамылып жүруді ең алғашқы сән түріне айналдырған. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 2900 жыл бұрын ең алдымен – теріден, кейін матадан тігілген белдемшелер пайда болып, Вавилонда шәлі тағып, жейде кию жиілей бастаған. Темір дәуірі жақындаған сайын сән әлемі дами түсіп, гректер белдік атаулыны ойлап тапқан. Біртіндеп плащ, халаттар тігіліп, еркектер – алтын ободок, ал әйелдер бастарына жеңіл тәж тағуды сәнге айналдырады.
Answers & Comments
Ответ: