Көңілді көктем болатын. Атам екеуіміз көл жағалап келе жатыр едік, бір топ қаз қаңқылдай көтеріліп, төбемізден аса ұшты.
- Ата, біздің үйдегі қаздар неге мыналар секілді самғап ұша алмайды? –
Атам аспай-аспай бетіме бір қарап алды да, ұшып бара жатқан қаздарға көз тікті.
Балам, бір кездері біздің үйдегі қаздар да аспандап ұшқан. Олар өз бетімен тіршілік еткен. Бертін келе адам қолға үйретіп, қорадан шығармай ұстады. Қабырғасы қалындап,жүрегін май басты... Егер өз бетіңмен еңбек бойындағы қабілетіннен айырыласын. Самғап, биікке ұша алмайсың.
-Шынында да солай-ау, осы!