Алдымен қазақ тілінің төл дыбыс құрамы ғылыми тұрғыдан анықталып, төл дыбыстар өз алдына, қазақ тіліндегі кірме (бүлдіргі) дыбыстар мен әріптерөз алдына топтастырылу керек. Өйткені кірме дыбыстар мен таңбалар қазақ сөзінің айтылым әуезін, морфем құрамын, буын тұрқы мен тасымал ретін, тіптен, сөйлеу (сөйлем) ырғағын бұзып бітті. Сонда қазақ тілінің фонетика деңгейінен (дыбыс құрамы) бастап, лексика, морфологияны қамтып, синтаксиске дейінгі табиғи қалпын сетінетіп отыр. Ендеше, бірінші кезекте, төл дыбыстардың құрамы мен әріп таңбалары анықталып, қазақ тілінің төл «Әліпбиі» түзіледі. «Әліпби» төл дыбыстар құрамын түгел қамтып, олар үйлесімді орналастырылуға тиіс.
Answers & Comments