Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген ұлағатты сөзде қаншама мағына, қаншама терең ой жатыр десеңізші?! Өйткені адамзат баласына керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады. Ал енді білімнің қайнар бастауы болып саналатын кітапты сақтайтын, жинақтайтын, оны оқырманына жеткізетін қасиетті орын – кітапхана. «Адамға ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет» деген көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің сөзі кітапхананың өмірдегі орнын дәл айқындап тұрған жоқ па? Бүгінде ғылыми-техникалық прогресс пен адамзат өркениеті қаншалықты жедел қарқынмен дамып, әлемді ақпараттық технологиялар билеп, кез келген кітаптың мәтінін әп-сәтте интернеттен тауып алатын жағдайға жетсек те, кітапхананың орны бөлек. Қалаған кітабыңды қолыңа ұстап, парақтап оқып, керекті ойларыңды белгілеп, жазып алып, еркін пайдаланғанға не жетсін?! Интернет қорында да ондай жағдай бар-ау, бірақ кітаптың аты кітап қой!
Answers & Comments
Ответ: