"Кітап оқымаған адамның болашағы бұлыңғыр" тақырыбына келісу, келіспеу эссесін жазыңыз. Сөз көлемі 60-70 cөз, эссе құрылымын сақтаңыздар (с меня 35 баллов)
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.
"Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап.
Кітап оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейіп , ойлау қабілетін арттырып , өз пікірін еркін жеткізе алады . Оған сөз жоқ өз тәжірибеңде көз жеткізуге болады . Мысалы бір классиктің шығармасын оқысаң - ақ болды , бұрын екі сөздің басын құрамайтын адам , өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге жететініне күмән жоқ .
Answers & Comments
Ответ:
Объяснение: