Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген.

Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі десе де болады.

Күй – махаббат, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы.

Құрманғазы Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы,

халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған. Құрманғазының

алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген,

өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін

«Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. б. күйлерін шығарған.

Күй анасы - Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да Орал облысы,

Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі Кенже Динаны бала кезінен

еркін өсірген. Ол 7-8 жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы

Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ,

Түркеш, Көкбала және т. б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы

Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын

ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр»,

«Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», т. б.

(167 сөз)

1. Мәтін не туралы?

А) күй құдіреті

В) атақты күйшілер

С) танымал күйлер

D) барлық нұсқалар дұрыс

[1]

2. Сөйлемді өз сөзіңізбен жалғастырыңыз. Ойды қорытындылаңыз.

Күй - қазақ халқының ұлттық өнері.

____________________________________________
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.