Күй-аспаптық шығарма,музыкалық жанр.Күйдің құдыретін қазақ халқы домбырамен,қобызбен,сыбызғымен тартып бейнелеген.Күйдің қарапайым не күрделі болуы оның құрылымына,қандай аспапта ойналатынына байланысты.Ежелден қазақ халқы күй арқылы халықтың басынан өткен тауқыметін,асыл армандарын,қуаныш сезімдерін терең толғаныспен жеткізе білген.Күйдің-қазақ қанында ойнайды,- деуі тегін емес.Ел аралаған серілер,домбырашылар,күйшілер халықтың құлағына күй ырғағын жеткізіп,олардың өмірімен біте қайнасқан тіршілікке деген құлшыныстарын оятып,жүректеріне жылу беріп,көңілдеріне қуаныш ұялата білген.Солардың бірі Тахауи Ахтановтың "Күй" әңгімесіндегі Естеміс күйші.Естеміс күйші өз оқушысы Оразымбетпен ауыл аралап келе жатып,суалып қалған жырадан ботасын іздеп боздаған боз інгенді жолықтырады.Өлген ботасын іздеп жүдеген Аруананың кейпі,жасқа толы үлкен көзі күйшінің көңілін толқытады.Нардың ізімен жүрген күйшілер жалғыз қарүйге тоқтайды.Қарүйде Жаңыл атты қыз бен әкесі тұрады екен.Қарт кісі ботасы өліп иімей тұрған нарды айтып,күймен бозінгенді иітіп беруін сұрайды.Елде жоқ нәрсені сұрадыңыз,- деп,күйшіде өтеуіне қызын сұрайды.Әкесі келісіп,қыз нарды жетелеп үй маңына әкеліп саууға дайындалады.Естеміс күйші бозінгеннің алдына отырып күйін тартады.Домбыраны бір қағып нарды елең еткізіп алып барып,мұңды әуеннен басталған күй мағынасы артып алыс арманға айналып ұлғая түседі.Домбыра біресе күрсініп,біресе балапандай талпынып,анасын іздеген ботадай боздап,шыңыраудан суырылып барып асқақтай ойналғанда Аруананың көзі жасқа толып,желіні сүтке толып қыз саусағының арасынан сүт тама бастайды.Қыздың ыңғайын сезген күйші әрі қарай домбырасын оқушысына ұстата салады.Сонымен бозінгеннің кепкен желінін сүтке толтырған күй құдыретіне қалай тәнті болмайсың?!Қазақ күйшінің қанында болған күйді бар қазақтың қанында бар деп неге айтпасқа?!Күй-жаны сезімге толы,жүрегі жылылыққа толы,кеудесі сырға толы қазағыма жат емес.Күй ежелден қазағымның қанында бар,қазағымды әлемге танытқан аспаптық құдыреті.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Күй ойнайды қазағымның қанында.