Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екеміз?!
Күрек тісін ақситып,
Сұлуды сүйер ме екеміз?!
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке тон киер ме екеміз?!
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз,
Сауыт киер ме екенбіз?!
Сырттан сауыт киген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол қашырар ма екеміз?!, –деп өзінің ой-арманын халық арманымен астастырады.
«Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын шығармасы – ақын арманын танытатын, тұлпар мініп ту ұстап, ел шетіне қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған батыр бейнесін тудырған туынды.
Жалаулы найза қолға алып,
Жау қашырар ма екенбіз?!
«Ақтамберді қолы» деп,
«Жанайдың салған жолы» деп,
Жақсы атанар ма екенбіз?!
...Әділ туған жақсыға,
Екі даугер жүгінер.
Тізесін қисық бұрмаса,
Әділдігі білінер, –деп, ер азамат бойынан қара қылды қақ жарған әділдікті көргісі келген.
Ақтамберді жырау толғауларынан халқына деген сүйіспеншілігі айқын көрінеді. Ол:
Кеуде бір жерді жол қылсам,
Шөлең бір жерді көл қылсам,
Құрап жанды көп жиып,
Өз алдына ел қылсам! –деп, халқының басын қосып, ел етуді армандаған.
Тапсырмаларды орындаңдар:
1- тапсырма: Сұрақтарға жауап жазыңдар.
1.Ақтамберді жырау туралы не білдіңдер?
2.Жырау толғауының басты идеясы қандай?
3.Толғаудағы жырау арманын топтастыру сызбасы арқылы көрсетіңдер.
2- тапсырма.Толғауда айтылған ойды негізге ала отырып, қазақ халқына мінездеме беріңдер.
50 балл берем
50 балл даю