Күллі жержүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде
бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. к
санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз
дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағи-
далардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді
теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді
мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа
дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.
XX ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі
заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше,
басты кемшілігі - олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен
тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерек-
шеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының
тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа түрпат-
ты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодында
сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа
айналуы оп-оңай. Бірақ ұлттық кодымды сақтаймын деп
бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа
сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі
кері тартып туратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық
сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айданданық.
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен
ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше,
замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты
жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу
қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр
ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге рухани
жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс-
тырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл - тарлан
тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың
көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын үлт жадының
тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен
ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін
алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық
басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.

11. Төмендегі тақырыптардың қайсысы негізгі мәтін мазмұнына сай келеді деп санайсың? Ойынды дәлелде.
1) Жаһандану
өте күрделі үдеріс
2) Қазақстан - жаһандану дәуірінде
3) Жаһандану дәуіріндегі өткір шешім
4) Жаһандану және ұлттық идеология
5) Жолдау тарихи құжат​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.