Күн — Күн жүйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Күн – спектрлік класы G2V, абсолют жұлдыздық шамасы +4,83 болатын сары ергежейлі жұлдыз. Ол біздің Галактика центрінен 9 – 10 кпк қашықтықта орналасқан. Жақын жұлдыздармен салыстырғанда Күн 1,97х104 м/с жылдамдықпен Геркулес шоқжұлдызы бағытында қозғалады; Галактика центрін 230 млн. жылда бір рет айналып шығады. Бүкіл күн жүйесі массасының 99,866%-ы Күнде жинақталған. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық 1,496x1011 м.
Күннің сәулесі (сәуле шығаруы) түгелдей дерлік Күн атмосферасының төменгі бөлігінен шығады, оны фотосфера деп атайды. Фотосфераның қалыңдығы 100 – 300 км. Фотосферадағы температура сыртқы қабат бағытына қарай төмендейді, шектік мәні 4500 К, орташа тығыздығы 2x10–4 кг/м3. Фотосфера қойнауындағы энергия сәулемен және сондай-ақ конвекциямен де тасымалданады. Фотосфераның жарықтығы біркелкі емес, түйіршікті (құрылымы гранулалы) болып келеді.
Answers & Comments
Ответ: