October 2021 1 11 Report

Көне ескерткіштер V – VII ғасырда Орхон Енисей өзенінің бойынан табылған. Бұл ескерткіште түркі елінің батыр, қолбасшылары туралы жазылған. Түркі ақындары өздерінің әдеби мұрасын келер ұрпаққа жеткізу үшін, оларды құлпытастарға қашап жазып кеткен. Бұл тастардағы жазуды алғаш оқыған Дания ғалымы Вильгельм Томсен (1893ж). Тастарда жазылған жырлар түркілердің қағаны Білгеге, оның қолбасшысы Күлтегінге, ақылшысы Тоныкөкке арналған. Бұл жырларда батырлардың өз елін жаудан қорғауы, жасаған ерліктері, жақсы істері қызықты баяндалады. Күлтегін мен Тоныкөк қанды соғыстарда жеңіп, халқына бейбіт өмір орнатады. 2001 жылы Қ. Р – сының премьер министрі Иманғали Тасмағанбетов Орхон Енисей жазбасының көшірмесін әкеліп, Астанадағы Еуразиялық университетке қойды. Ол біздің халқымыздың асыл қазынасы, мол мұрасы болып табылады.

 

Переведите пожалуйста, заранее спасибо) 

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.