Интернет және ондағы ресурстар бізді және біздің өмірімізді өзгертті. Таяқтың екі ұшы болатыны секілді әлеуметтік желілердің де адам баласы үшін пайдалы және пайдасыз тұстары бар. Күн тәртібіндегі атқарылуы тиіс жұмыстарды кейде осы әлеуметтік желілердің әсерінен үлгере де алмай жатамыз. Сонымен әлеуметтік желілердің зиянды жақтары қандай? Психологтардың айтуынша, ең алдымен бұл тәуелділікке әкеледі. Ұйқыдан тұра салысымен қолыңызға телефоныңызды алып бірден желіде біреу маған хабарлама қалдырды ма екен, бұл әлемде қандай өзгеріс болды екен деген ойлар адамды қаумалайтыны рас. Жастар мейрамханаға немесе басқа да тамақтанатын орындарға барса, уай-фай (wifi) іздейді. Сондай-ақ телефонды кемінде 10 минут сайын тексерумен уақыт өткізеді. Ал, ғалымдар әлеуметтік желіге шамадан тыс тәуелді болуды әлдеқашан психологиялық ауытқу деп таныған. Өйткені ,экранның ар жағындағы кей жандар сыртқы әлеммен байланысын үзіп, тек қара жәшікке телмірумен бар уақытын өткізетін көрінеді.
Интернеттегі ақпаратты сүзгіден өткізе алмаған желі қолданушы үшін оның зияны шашетектен болары анық. Себебі ондағы жазылған, айтылған дүниелердің бәрі дерлік шындыққа жанаса бермейді. Ал кейде қызықты контенттің жетегінде кетіп, ешбір пайдасы жоқ, тіпті зиянды ақпаратты сіңіріп алуы ғажап емес. Сондай-ақ ақпараттың тым көптігінен керекті деректерді есте сақтап қалу да қиынға түседі. Иә, әлеуметтік желі көп жағдайда адамдарды күйзеліске ұшыратады. Бұл күйзелістің себептері де әртүрлі. Мысалы, біреу басқа адамның жақсы өмір сүргенін көре алмағандықтан оның бойында негативті эмоция қалыптасады. Бір жеке тұлғаның өмірін бақылап, оның қандай жерлерде тамақтанып, қандай адамдармен дос болатынын бақылап отыратындар үшін бұл жағдай өз әсерін тигізбей қоймайды. Сонымен қатар, желі қолданушы лентаға шыққан жаңалықтарды, достарының суреттері мен видеоларын көріп, астына жазылған мәтіндерді оқып шыққанша көзі талып, шаршап та қалуы мүмкін. Өйткені, ол осы процесс жүріп жатқанда басқа нәрселерді ойлай алмайды. Тіпті ұйқыға кеш жатып, кейде ұйқысыздыққа ұрынады. Оның үстіне ноутбукқа, планшетке шамадан тыс телміру адамның көру қабілетіне теріс әсерін тигізетіндігін де ұмытпауымыз керек. Мәселен, бір бала компьютерлік ойындарды жақсы көрді делік. Онлайн ойындардан ешқашан жалықпайды. Күні-түні ойнай береді. Уакыт өте келе, көзілдірік тағуға мәжбүр болады. Өмірде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Көзіңнің ешуақытта бұрынғыдай 100 пайызға көре алмайтындығын түсіну қандай ауыр. Қазіргі таңда медицина саласы жақсы дамып келеді, лазермен-ақ көзді емдеуге болады десек те, жаратылыстан берілген саулыққа ешнәрсе тең келмейді. «Тән саулығы ‒ жан саулығы» деп халқымыз бекер айтпаса керек-ті... Ойымызды әрі қарай сабақтай түсер болсақ, әлеуметтік желіде адамның жеке басына қатысты деректер жүктелетіндіктен олар алаяқтардың құрбанына айналып кету мүмкіндігіне жиі ұшырайды. Өйткені, қолданушылардың көбі өзі туралы ақпаратты толықтай жазып қояды. Бұл айлакерлер үшін таптырмас құрал. Демек, деректерді толтыру барысында мұқият болған жөн. Әлеуметтік желілердің елді дүрліктіретін де кездері аз емес. Соның бірі ‒ коронавирус індеті тарап жатқан тұста «Whatsapp» желісінде бір видео тараған болатын. Онда көшеде кетіп бара жатқан адамның ауру салдарынан жерге құлайтыны бейнеленген.
Answers & Comments
Ответ: