Ана тілімізде аюдың аналығын – «кірекей», ал ұрпақтарын «қонжық», «апанақ» (1 жасқа дейін) деп атайды. Қоңыр аюдың аталықтарының дене тұрқы кірекейлерімен салыстырғанда ірілеу болып келеді. Қонжықтарының мойын және төс тұсында алғашында ақшыл түсті теңбілдер кездеседі де, есейген сайын жойылып кетеді. Қоңыр аю жүрген кезде бір аяғынан екінші аяғына теңселіп икемсіз қозғалады, сондықтан да қоңыр аюды жергілікті тұрғындар «маймақ аяқ» деп те атайды. 3-4 жасынан бастап көбейеді, 1-5 ұрпақтан туады. Тіршілік ету ұзақтығы зор. Ақ аю хайуанаттар бағында 30 жыл, қоңыр аю 45 жылдан астам өмір сүреді. Аюлар құнды ауланатын аңдарға жатады. Олар тез қолға үйренеді және жаттықтыруға көнеді.Тұқымдастың 7 түрі бар, олар 4 туысқа біріктірілген. Ubus туысында - 4 түр (қоныр, ақ, ақ кеуделі, қара немесе барибал)
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
Қоңыр аю — аю тұқымдасына кіретін жыртқыш аң.