Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, сөйлемді жаз.
Оның қандай қосымша екенін айт.
«Жібек жолы» — біз... дәуірімізге дейін II ғасыр... бастап, XVI ғасырға
дейін қолданылған сауда жолы. Қытай... жібег... осы жол... тасымалданған.
Сондықтан ол «Жібек жолы» деп аталған. Бұл жол Қытайдың орталығы...
басталған. Ол қазақ... кең далас... басып өтіп, Самарқан, Бағдат қалалары
арқылы Жерорта теңізіне дейін созылып жатқан. Оның жалпы ұзындығы
7 мың шақырым... жеткен. «Ұлы Жібек жолы» арқылы кілем... мен мата...,
асыл тас..., әртүрлі жеміс... әкелінген. Алайда басты тауар – жібек мата
болған.
Answers & Comments
Ответ:
«Жібек жолы» — біздің дәуірімізге дейін II ғасырдан бастап, XVI ғасырға дейін қолданылған сауда жолы. Қытайдың жібегі осы жолда тасымалданған. Сондықтан ол «Жібек жолы» деп аталған. Бұл жол Қытайдың орталығынан басталған. Ол қазақтың кең даласын басып өтіп, Самарқан, Бағдат қалалары арқылы Жерорта теңізіне дейін созылып жатқан. Оның жалпы ұзындығы 7 мың шақырымға жеткен. «Ұлы Жібек жолы» арқылы кілемдер мен маталардың, асыл тастар, әртүрлі жемістер әкелінген. Алайда басты тауар – жібек мата болған.
Біздің - тәуелдік жалғау
ғасырдан - септік жалғау
Қытайдың - септік жалғау
жібегі - тәуелдік жалғау
жолда - септік жалғау
орталығынан - септік жалғау
қазақтың - септік жалғау
даласын - септік жалғау
шақырымға - септік жалғау
Кілемдер, маталар, асыл тастар, жемістер - көптік жалғау