Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, жаз.
1. Жер қойнауы… шығып жатқан газ бен мұнай… ежелгі адам… да байқаған. 2. Олар газ… «мәңгілік алау» деп атаған. 3. Дәрі ретінде емдік қасиеті… пайдаланған. 4. Соғыс кезінде дұшпан… жерлері мен мекендерін өртеу… қолданған. 5. Мұнай мен газ… пайда болуы туралы тек геолог… ғана емес, геохимия, палеоботаника, петрография, биохимия, микробиология, физикалық және органикалық химия саласының мамандары да зерттеу жүргізеді. 6. Мұнай әртүрлі көмірсутектердің қосындысы… тұрады. 7. Теңіз, мұхит табанындағы мұнай мен газ көбінесе органикалық заттар… қалдықтар…нан түзіледі.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
1. Жер қойнауынан шығып жатқан газ бен мұнайды ежелгі адамдар да байқаған. 2. Олар газды «мәңгілік алау» деп атаған. 3. Дәрі ретінде емдік қасиетін пайдаланған. 4. Соғыс кезінде дұшпанның жерлері мен мекендерін өртеуге қолданған. 5. Мұнай мен газдың пайда болуы туралы тек геологтер ғана емес, геохимия, палеоботаника, петрография, биохимия, микробиология, физикалық және органикалық химия саласының мамандары да зерттеу жүргізеді. 6. Мұнай әртүрлі көмірсутектердің қосындысынан тұрады. 7. Теңіз, мұхит табанындағы мұнай мен газ көбінесе органикалық заттардан қалдықтарынан түзіледі.