«Көп тіл білу-рухани байлық» деген тақырыпқа эссе жазыңыз.Эссе мазмұнына сай көмекші есімдерді орынды қолданыңыз. НАПИШИТЕ ЭССЕ НА ТЕМУ "Многоязычия - духовное богатство"
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл». Ата-бабамыздан қалған асыл сөз дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында «Болашақ кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру, білім секторының экспорттық әлеуетін көтеру, озық технологияларды енгізу – бүгінгі уақыт талабы» делінген. Бұл орайда, «Тілдің үштұғырлылығы» жобасының да мәні зор, маңызы жоғары. Елбасы тапсырмасын орындауға Төлеби ауданының білімпаздары да білек сыбана кірісті.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген озық ойлы оқушы тәрбиелеу. Бұл - білім саласы өкілдері үшін кезек күттірмес қағида. «Осы үдеден шыққан шәкірттің ойлау дағдысы да өзгеше болады.
Көп тіл білген бала өзін-өзі басқара алатын жеке тұлға болып қалыптасады»-дейді мамандар. Ал, бұл бағытта Төлебиде тындырылған тірлік көп. Тіл білетін маман да жеткілікті.
Көп тілді білу – өмірлік қажеттіліктен туындаған құбылыс. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Халықтың рухани, мәдени құндылығымен сусындау үшін ана тілін білу керек. Әрбір адамның өз тілінде сөйлеп, білім алып, азамат болып қалыптасуы маңызға ие. «Әр елдің тілін, өнерін білген кісі өзгемен бірдейлік деңгейде сұхбаттаса алады» деген Абай атамыз. Бүгінде тіл білгеннің тіршілігі түзу. Тарих беттерін парақтасақ, Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін білгендіктен, артына мол рухани құнды мұра қалдырды. Ақын Абай Құнанбаев орысша хат танып, өзге тілді үйренсе де, өз тілін құрметтеп, артына өшпес мұра қалдырған. Алаш арысы, қоғам қайраткері М. Шоқай зеректілігі арқылы университет қабырғасынан 7 тілді меңгеріп шыққан.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: