Нурай1997
Жаяу Мұса Байжанұлы 1835-1929 - әнші, ақын, композитор. Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің маңында дүниеге келген.Әкесі Байжан кедей болған. Анасы Нақыш ертеректе дүние салып, Мұса Байжанның ағасы Тайжанның қолында тәрбиеленеді. Жеті жасында хат таниды.Жастайынан халық музыкасымен, ауылға келіп-кетіп жүрген әнші-күйшілер өнерімен танысады. Өзі де ән салып, домбыра тартады.
Answers & Comments