Берілген сөздер мен тіркестер қолданыңыз: Күлтегін жыры, дербес, тығыз байланысты, сегіз томнан, халқына айтқан үндеуі, әскери жорықтарын, қастандық, әрекеттеріжігерлендіру, себеп болған.
Күлтегін жазуы — ежелгі түркі жазба ескерткіші . Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге , Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының ( 8 ғасыр ) жанына орнатылған . Ескерткіштің биіктігі 3,15 м . , ені 1,34 , қалыңдығы 0,41 м . Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді , қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген . Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады . Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді . Ғалымдар арасында тастағы белгісіз жазуларды көне кельт , ГОТ , грек , славян , Скандинавия , финн , тіпті моңғол немесе қалмақ жазулары деген тұжырымдар болды . 1893 жылы 25 қарашада Дания ғылым академиясының мәжілісінде В.Томсен Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын , алдымен оқыған сөздері « тәңірі » және « түрік » деген сөздер екенін жариялады . Содан кейін академигі В.В.Радлов мәтінді тәржімалады . Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаһармандық дастан екендігі белгілі болды . Радлов , С.Е.Малов , қазақ ғалымдары С.Аманжолов , Ғ.Айдаров , Қ.Өмірәлиев , т.б. түркітанушылар Орхон жазба жәдігерлерінің түркі тіліндегі мәтінін оқып , оны тілдік , әдеби , тарихи тұрғыдан зерттеді . И.В.Стеблева Орхон жазбаларын тұңғыш рет көркем туынды , поэзиялық шығарма ретінде қарастырса оның қазақ әдебиетіне ықпалын алғаш рет М.Жолдасбеков ғылыми тұрғыдан негіздеді . Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштің бірі ғылымда « кіші жазу » ал екіншісі « үлкен жазу » деп аталып кеткен . Бұлардың әрқайсысын түркі елінің даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жауынгерлік жорықтарын мадақтап , жырлауға арналған қаһармандық дастандар деуге болады . Күлтегін батыр жайындағы бұл екі дастанның да авторы өз дәуірінің аса дарынды ақыны , көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ тегін ( ғасыр ) . « Күлтегін » ( кіші жазу ) жыры әрқайсысы өз алдына дербес əрі сюжеттік жағынан бір - бірімен тығыз байланысты сегіз топтамадан тұрады . Әрбір топтама — мазмұны жағынан бір - бір хикая . Оның бірінші топтамасы қағанның өз халқына айтқан үндеуі екіншісі Түрік қағандығы жерінің кеңдігін суреттейді үшіншісі түркілердің әскери жорықтарын жыр етеді
Answers & Comments
Ответ: