1-тапсырма.
Мәтінді мұқият тыңдап, берілген тапсырмаларды орынданыз.
Биотехнология ғылым мен өндірістің жаңа саласы. Биотехнология ұғымының дәл мәнісі - биологиялық технология, немесе « биология технология ». Басқаша айтқанда, биотехнология дегеніміз, биологиялық объектілер мен биологиялык процестердің негізінде түбегейлi жана технологиялар құру, сол арқылы адамға қажетті өнімдерді алу. Қазақстанда биотехнология саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, отандық ғалымдар биоүйлесімді желім әзірлеп шығарды. Оның қолданылу аясы - медицина мен биология. Әсіресе, оның көмегімен карапайым хирургиялық тігістерді алмастыру мүмкін. Бұл жоба бойынша Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары шамамен екі жылдай шұғылданды. Мамандардың сөздерінше, олар төзімділігі жоғары, яғни осыған ұқсас казіргі материалдардан жүз есе сапалы материалға қол жеткізді. Айтпақшы, бүгінгі күні дүние жүзінде медициналык желім жасап шығарумен бар болғаны бірнеше ғана ғылыми топ айналысады. Қазақстандық ғалымдардың әзірленімі импорттың орнын отандық өніммен алмастыруға және алдағы уақытта шетелдік нарыкка шығуға мүмкіндік береді. ( 124 сөз ) http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2017/KYaik
1. Мәтіннің мақсатты аудиториясын анықтаңыз.
_______________________________
2. Мәтін авторының негізгі ойын, көзқарасын бір сөйлеммен білдіріңіз.
______________________________
3. Мәтіннен сізге таныс болған және таныс емес ақпаратты табыңыз.
Таныс. Таныс емес​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.