gula0407
Лалагүл (лат. Lilium) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық, жуашықты өсімдіктер. Қазақстанда кездесетін жалғыз түрі — бұйра лалагүл (L. martagon) — Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Орманды, таулы, шалғынды жерлерде өседі. Биіктігі 60 — 100 см, сабағы түкті. Жапырағы таспа, немесе қандауыр пішінді, ұзындығы 8 — 10 см, ені 1,5 — 2 см. Гүлдері ірі, жеке немесе шашақ гүл шоғырына топталған. Ашық қызыл, қызыл сары түсті қара дақтары бар, түкті, олар түтік немесе қоңырау пішінді, ұзындығы 13 — 15 см, хош иісті. Жемісі — қауашақ, көп тұқымды. Маусым — шілдеде гүлдейді. Лалагүл әсемдік үшін ерте заманнан бері қолдан өсіріледі. Одан медицинада дәрі жасалады, бояу алады, жуашығы тағамға жарамды, гүлінен ара бал жинайды, эфир майы алынады. ере
1 votes Thanks 1
gula0407
Лала – екі мыңға жуық түрі бар бақша гүлі. Маусым айында гүл жарады. Сұрпы мен түріне байланысты гүлінің түсі әр алуан. Оның Қазақстан табиғатында Алтай, Тарбағатай тауларында табиғи бір түрі ғана өседі. Көгалдандыруда лалагүлін көбінесе ауладан көруге болады.
Answers & Comments