Кей кезде әлдебір жағдайға байланысты мазасызданып, көңіліңімізге қаяу түсіп жатады. Жаныңызды қоярға жер таппай, шексіз сұрақтарға жауап іздестіре бастайсыз. Өз көңіліңізді өзіңіз аулауға тырысасыз. Алайда, еш нәтиже болмағанын көресіз. Психолог мамандар мұндай жағдайда «үш минуттық терапиямен» айналысуға кеңес береді.
Шетелдік психолог мамандар көңілі түскен жандарға «Көңілді үш минутта қалай көтеруге болады?», «Үш минуттан кейінгі өзгеріс», «Үш минуттан соң» т.с.с терапия жасап шығарған. Бұл терапиялардың атауы бөлек болғанымен, мақсаты бір. Ол - адамның көңілін көтеріп қана қоймай, бойына сенімділік пен ерік-жігер қасиеттерін қондыру. Үш минуттық терапиямен кез келген ортада (үй, дәріс, жұмыс, жиналыс, көлік ішінде, т.с.с) айналысуға болады. Психологтардың айтуы бойынша, үш минутта көп дүниені өзгертуге болады. Ол үшін тек өзіңізге пайдалы іс-әрекеттермен айналысыңыз.
Answers & Comments