Өлеңдегі ақынның сезімін білдіріп тұрған көркемдеуіш құралдарды теріп жаз.
Шалқыған теңіз,
Толқыған теңіз,
Көгілдір көк айдыным,
Биікте жүрген,
Бұлттарды сүзген,
Бұрынғы жоқ айбының!
Аққу арман,
Күтемін алдан,
Сағынып қанат қаға ма? Толқыны тулап,
Шағала шулап,
Толар ма ауыл жағаңа?
Арал, сен туралы айтам ән, Арал, ак айдыным аңсаған. Арал, оралсаңшы қайтадан! Арал!
Қарайған жерге,
Қуанған шөлге
Телміріп Күн қарайды.
Көк дауыл жеккен,
Кемелер шөккен
Жағада құм борайды.
Аққу арман,
Күтемін алдан,
Сағынып қанат қаға ма? Толқыны тулап,
Шағала шулап,
Толар ма ауыл жағаңа?
Арал, сен туралы айтам ән, Арал, ақ айдыным аңсаған. Арал, оралсаңшы қайтадан! Арал!
Қадыр Мырза Әлі
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.