ӨЛЕҢДІ ОҚЫ! МАЗМҰНЫН ЖАЗ
ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Сеез керек
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Объяснение:
Адам өмірінде білім үйренбесе бос мактанганнан пайда жоқ. Омирин бос откизбеуи керек. Өсек, отирик, мантаншактык, ериншектик деген жаман қасиеттерден аулақ болуы керек. Бұлар адамды құртады.Талап,енбек,канагатшылдык,рахымшылдык деген жаксы қасиеттер әр адамның бойында болуы керек.Жамандықтан аулақ болып, жақсылықка ұмтылу керек. Егер жас кезиннен ғылым үйренсен көп жетистиктерге жетесин.