Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек. Эссе. Қайталау
Негізгі бөлімнің құрылымын анықта.
Ойымды дәлелдер болсам, біріншіден, адамзат өркениетінің шарықтау шегіне жеткен ғасырда әлемнің әр бұрышында аспанмен таласа бой көтерген заңғар биік, ғаламат кешендер салына бастады. Мәселен, Патша мұнарасы болашақта әлемдегі ең биік ғимараттар көшін бастамақ. Ол биіктігі 828 метрге жететін «Бурж Халифа» мұнарасынан асып түспек. Араб елінің төрінен орын алған бұл ғимаратта кондоминимдер, керемет кеңселер, обсерватория, «Four Seasons» қонақ үйі және 157 қабатында әлемдегі ең биік терраса орналаспақ. ХХІ ғасырдағы заманауи технология мен архитектураның тамаша жетістіктері болып саналатын ғажап құрылыстар жаңа кереметтердің тізімін жаңғыртуға әбден лайық.
Екіншіден, адамзаттың ой қиялы дамығаны соншалық- оларды көне ғажайыптармен таңғалдыра алмайсың, олар жаңа кереметтерді іздейді. Табиғатттың өз ғажайыптарын адам баласына қызмет етуге мәжбүрлеген адамзат жасампаздығына сөз жоқ. Мысалы, қос жартаспен «құшақтаса орналасқан» Қытайдың Даванг таулы шипажайы – табиғаттың нағыз кереметі. 170 метр аумақты алып жатқан алып шипажайда мұз айдыны, жабық шаңғы кешені, аквапаркпен қатар аспалы бақша орын алған. Міне, осындай таңғажайып орындарды әлем жұртшылығының назарына ұсыну қажет-ақ.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.