Үлгі бойынша сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.
Үлгі: Бұл хабарландыру барлық электронды пошталарға жіберілді.Бұл хабарландыру қайда жіберілді? Бұл хабарландыру электронды пошталарға жіберілді ме? Бұл хабарландыру қанша электронды пошталарға жіберілді? Электронды пошталарға не жіберілді?
1.Студенттер курстық жұмыстарын тапсырыпты. 2.Қоңырау соғылды да студенттер дәрісханаға кірді. 3.Әкем газеттен соңғы жаңалықтарды оқитын. 4.Әке-шеше баласына жақсы тәрбие берсем дейді. 5.Талапты студент әрқашан ізденіс үстінде жүреді. 6.Емтиханды жақсы бағаға тапсырғым келгендіктен, көп дайындалдым. 7. Балалар аулада ойнамақшы болып, далаға шықты. 8.Мен сізге сабаққа келмеген күндерім үшін, қосымша тапсырма тапсырайын.