Заттың немесе құбылыстың атауын, сапасын, түр-түсін, қимыл-әрекетін т.б. алуан түрлі мағыналарды білдіретін тілдің негізгі бірлігі сөз деп аталады. Ал белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығын – лексика деп атайды.
Сөз қалай болса солай айтыла салған дыбыстардың жүйесіз тіркесі емес, жүйелі дыбыс қосындыларынан жасалады. Дыбыстар тіркесінде мағына болмаса сөз де болмайды.Сөз мағынамен тығыз байланысты. Мысалы лот дегенде 3 дыбысты тіркестіре салсақ онда ешқандай мағына жоқ. Сондықтан ондай сөз де жоқ. Дыбысталу – сөздің сыртқы қабығы, мағына – сөздің ішкі мазмұны.
«Сөз» ұғымын қазақ тіл білімінің зерттеушілері былай қорытындылайды.
1) сөз – тілдің ең кіші бірлігі,
2) сөздің негізгі қызметі – атауыштық қызмет,
3) сөз – дыбысталу мен мағынаның тұтастығы,
4) сөз – ұғымның атауы, белгісі немесе таңбасы.
Тілімізде мағынасын жоғалтқан сөздер де кездеседі. Мысалы үшін, дейін, таман деген сөздердің нақты мағыналары осы күнде жоғалған, жеке тұрғанда ешбір мағына бермейді. Мұндай сөздер басқа мағыналы сөздермен тіркесіп қана қолданылады.
Ал осыған керісінше, сөздің ішкі мағынасы сақталып, дыбысталу түрі өзгеретін де жағдай кездеседі. Мысалы, елу деген сөздің бастапқы түрі елліг болған. Ол бірте-бірте мынадай өзгеріске түскен:
Answers & Comments
Verified answer

Елліг – еліг – елу; ал оғул – оғл – ұл.
Яғни, дұрыс жауабы: ҰЛ.