Мағжан Жұмабаев 1938 жылы наурыз айының 19-ы күні қайтыс болған делінеді. Мәселе әдебиет кітаптары яки Мағжан туралы тараудың қалай аяқталуында да емес, мәселе мынада болып отыр. Кейінгі кезде “Репрессияда Мағжан, Сәкен, Міржақыптар тірі қалған” деген сөздер ауыздан-ауызға айтылып та, жазба беттерінде жарыса жазылып та жүр. Жел тұрмаса – шөтпің басы қимылдамасы анық. Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатовтар туралы сәл кейінірек. Қазір маржан жырдың иесі Мағжан туралы һәм оның жұмбақ өлімі жайлы оқыған, естігендерімді ортаға салмақпын. Иә, репрессия кезінде Алаш жұрты «Алаштықтар» деп ат қойып, айдар таққан Мағжан Жұмабаев, Мәскеудің Әдебиет институтында білім алған зерделі ақынға саясаттың салқыны сезілмеді емес, сезілді. Сол кездегі салқын саясатқа Мағжан өз пікірін айтып, ұстанымынан танбағаны үшін де большевиктер қолынан келгендерін аяп қалған жоқ. Бір емес бірнеше рет түрмеге жапты, азаптап, қинап, соққыға да жықты.
Answers & Comments
Ответ:

"Саяси себептерге" байланысты аталды.Кеңестік жүйенің қуғын-сүргінінің құрбаны болды.