Мамандық... «Мамандық» сөзінің өзі латын тілінен аударғанда: «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» -дегенді білдіреді екен. Бірақ болашағымызбен тікелей байланысты бұл сөздің бұлай аударылатынын қазіргі жастардың көбісі біле бермейді, тіпті мен де енді ұға бастағандаймын.
Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын жəне қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дəстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — əйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кəсіп түрін таңдау. Бұл — өте жауапкершілікті жəне маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек деп ойлаймын. Мамандық таңдауда əр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек.
1- тапсырма.
-Мәтінді оқып, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді дәптерге жазыңыздар; -Тірек сөздерді теріп жазу;
-мәтін бойынша алты «неліктен?» сұрағын құрастырыңдар?
Answers & Comments