Монғол империясын Шыңғыс ұрпақтары биледі. Ең жоғарғы әміршісі Ұлы хан болды. Ұлы хан мемлекет басшысы ретінде әскери заң шығаруға және әкімшілік билік жүргізуге құқылы болды. Монғол империясының саяси өмірінде Шыңғыс ұрпақтарының жалпы империялык жиналысы - құрылтай (хурилтай, хурилта) зор рөл атқарды. Құрылтай ресми түрде жоғарғы өкімет билігінің жоғары органы болды, құрылтайда ірі әскери мөселелер, ішкі саясат, Шыңғыс ұрпақтары арасында өлкелерді бөлу мәселелері шешіліп отырды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатты түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды. Құрылтайды шақыру мерзімі күні бұрын белгіленіп, үлыстарға хабаршы жіберу арқылы жария етілді. Құрылтай көктемде шакырылды. Құрылтай іс жүзінде Шыңғыс ұрпақтары әскербасыларының және азаматтық әкімшілік басшылары қабылдаған шешімдерін бекітті. Империя әміршісінің билігін шектемеді. 1259 жылы Мөңке қаған өлгеннен кейін жалпымонғолдық құрылтайлар шақыру тоқтатылды. Монғол империясында құрылтайдың орнына ақсүйектер кеңесі шақырылып түрған. «Кеңес» сөзінің екінші мағынасы «той» дегенді білдірген. «Тойға» Шыңғысханның ұрпақтары, әскербасылар, билеушілер мен есімі елге белгілі әйелдер де қатысты. Тойдың негізгі мақсаты өзара қырқыстарға жол бермеу болды. 1269 жылы осындай басқосу Талас өңірінде өтті.
Answers & Comments
Ответ: