Мансұр екеуіміз былтыр мектепте «өте жақсы» деген бағамен бітірдік. Мектеп директоры бізге Астана қаласына саяхатқа жолдама берді. Астанаға бізден басқа да көп оқушы жиналыпты. Біздің ауылдан отыз оқушы шілде айында пойызға отырдық. Жетекшіміз қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жұлдыз апай болды. Астана қаласына келесі күні сағат үште жеттік. Мансұр екеуіміздің Астанада бірінші рет болуымыз. Бізге қала қатты ұнады. Керемет әдемі, көрікті орындар бар екен. Ең алдымен Бәйтеректі көрдік. Оның биіктігі 97 метр екен. Бұл елдің ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына , 1997 жылға сәйкес келеді. Көп көрікті жерлерді көріп қайттық. Бізге саяхат қатты ұнады. Написать кратко этот текст своими словами 5-6 предложений с переводом на русский
пожалуйста=)