Мақсат дұрыс қою үшін "менің қолымнан келмейді" емес, "мен жасай аламын" деген сөз сіздің басты назарыңызда болуы қажет. бұл ретте сізге ең қымбаты – алтын уақыт. Уақытыңызды құр босқа керексіз нәрселерге кетірмеңіз. Уақыт құрту арқылы біз мақсатымызға жету жолында кешігіп қаламыз. Ең әуелі уақытыңызды реттеп алыңыз.
Әр адамның өмірінде қойған мақсаттары болады. Бірақ кейде мақсаттар шын өмірмен үйлеспей, мақсат емес, орындалмас арман болып кетеді. Көзделген мақсатқа бірінші қадам – әрекеттер жоспарын жасау. Жоспардың болуы өздігінен мақсатқа жету болып табылмайды, алайда әрекеттер жоспарын жасау кезінде көзделген мақсаттарды бекіту өте маңызды. Осы үшін мақсаттар тізімі жасалады. Осы саладағы сарапшылар бұл тізімді үйдегі көрнекі жерге қойған дұрыс дейді. Олар туралы өз жақындарыңызға айтуға болады. Қағазға жазылған мақсаттарды қайта оқып, сіз олардың өмірге енуіне жағдай жасайсыз.Алға қойған мақсаттың жақсысы мен жаманы болмайды. Өмірде өзіміздің табандылығымыздың, еңбекқорлығымыздың арқасында мақсатқа жетіп, жарқыраған жұлдызымызға қарай самғасақ , оның өзі үлкен еңбек.
Answers & Comments
Ответ: