МАЗАЛЫМ
9-тапсырма. «Жас өнертапқыш» деген тақырыпта дәйекті эссе жаз.
Эссе жазуда төмендегі мәселелерді ескер:
Тақырыпты іштей бірнеше тармакка жіктеп ал.
Концептуалдық несте дайындап, не туралы жазатыныңды белгіле.
Қандай сөздер мен сөз тіркестерін қолданатыныңды ірікте. Көркемдеуіш
құралдарды пайдалануға тырыс.
- Такырыпты ашатын бірнеше идеяны жазып ал.
Әр тарманда жазатын аргументтеріңді дайында
Аргументтеріңді статистикалық мәліметтермен, нақты мысалдармен то-
лықтыр. Бұл - эссенің мазмұнды болуына ықпал етеді.
Әрбір тармақты логикалық тұрғыдан жүйеле. Бірінші тармақта тақырып-
ты қалай қолдайтыныңды, екінші тармақта практикалық идеяңды, үшінші
тармақта тақырып бойынша не істейтініңді жаз. Қорытындыда аргумент
теріңді келтіре отырып, идеяңды дәлелде.
Answers & Comments
Ответ:
Робот құрастыруда физика, математика, химия, биология пәндерінің берері мол. Тыңнан түрен салған таланттар үшін төзімділік қажет. Өйткені, бір роботты құрастыру барысында миллиондаған майда лего құрастырғыштармен жұмыс істеу қажет. Болашақта бар қызметті құлтемірлер атқарады. Жас өнертапқыш Санжар Асықбаев бұған сенімді. Сондықтан, робот техникасын дамытуды осы бастан қолға алу керек деп санайды. Өзі достарымен бірігіп, қала көшелерінде қоқыс жинайтын машинаны ойлап тапты. Жанармайды қажет етпейтін экологиялық таза құрылғы бір айдың ішінде құрастырылған. - Бұл Трэвиш» деп аталады. Оның басты мақсаты - қаладағы қоқыс мөлшерін азайту. Күн батареясын қолдану арқылы өзінің энергия қорларын қайтадан жаңарта алады, - дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Санжар Асықбаев. Демек, жақын жылдары елордада қоқыс жинап жүрген робот көрсеңіз, таң қалмаңыз. Бұл - жас өнертапқыштарымыздың жетістігі. Робот құрастыруда әлем бойынша Жапонияға тең келетін ел жоқ. Дегенмен, отандық өнертапқыштар да ешкімге есе жібермек емес. Балалар саланы дамытуға мүмкіндік бар деп отыр. Ол үшін қажырлы еңбек ету керек. Санжар бастаған команда өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Олардың жұмысы жақында ғана халықаралық байқауда үздік танылды. Шарада Ресей мен Сербияның жас өнертапқыштары да бақ сынаған болатын.