Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
2.Өлеңді 2 рет мұқият оқыңдар.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар — балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер —
Мен жастарга сенемін!
1-тапсырма. Жетекші сұрақтар арқылы тақырыптың мағынасын ашау.Сұрақтарға жазбаша жауап жаз. 1-задание. Раскройте смысл текста через наводящие вопросы. Ответьте письменно на вопросы.
-Бұл өлең кім туралы айтылған?
-М. Жұмабаев жастарды неге теңейді?
- М. Жұмабаев кімге сенім артады?
-«Мен жастарға сенемін» өлеңі арқылы не айтқысы келді?
Answers & Comments
Ответ:
1 Мағжан бұл өлеңінде жастарға деген сенімін, және жақсы жақтарға теңестірген
2 арыстандай айбатты,жолбарыстай қайртты қырандай күшті қанатты секілді мінезге теңеді
3 жастарға