Мен бүгін таңертең анаммен емханаға бардым. Бірінші қабатта қан тапсырдым. Сосын жоғары көтерілдім. Емханада отбасы дәрігері, тіс дәрігері, көз дәрігері бар. Отбасы дәрігері мені жақсы таниды. Себебі ол бізді жыл сайын тексереді. Дәрігер менің жүрегімді тыңдады. Дәрумен ішуге кеңес берді. Ет, балық, сүт, жеміс-жидектің пайдалы, фастфуд тағамдарының зиян екенін айтты. Сосын тіс дәрігеріне бардым. Ол менің тістерімді тексерді. Тіс дәрігері: «Тістеріңді таза ұста», — деп кеңес берді. Мен тісімді таңертең және кешке тазалаймын. Көз дәрігеріне бардым. Ол көзімді тексерді. Көз дәрігері: «Компьютерде көп отырма, теледидарға жақын отырма», - деп кеңес берді. Менің тiстерiм таза, көзім алыстан да, жақыннан да жақсы көреді. Отбасы дәрігері маған: «Сенің денсаулығың жақсы. Жарайсың!» — деді. Ал сен емханаға барасың ба? найди глагол​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.