АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Еліміздің туристік әлеуеті бар ауылдық аймақтарының табиғи туристік ресурстарының тиімділігін арттырудың және ауылдық өңірлердің туристік инфрақұрылымын дамытудың ең қолайлы әрі табысты жолы - аталған өлкеде агротуризмді дамыту тетіктерін қалыптастыру.
Агротуризм ауылдық өңірдің туристік тиімділігін арттырып қана қоймай, ауылды дамытуға септігін тигізіп, оның әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бірден-бір үлес қосады. Агротуризм ауылдық аймақ жағдайын жақсарту, ауыл халқының экономикалық әл-ауқатын көтеру, жергілікті халықты жұмыспен қамту, табиғи, тарихи, мәдени мұра біртұтастығын сақтау, өңірге деген шет елдік әрі отандық туристердің мәдени, тарихи, экзотикалық қызығушылығын ояту мен арттыру, өңірдің туристік имиджін қалыптастыру сынды бірқатар өзекті мәселелерді шешудің тиімді жолы да бола алады.
Әлемнің көптеген мемлекеттері агротуризмді дамытудың өзіндік жолдарын қалыптастырып, бүгінгі күні үлкен пайдаға кенеліп отыр, себебі ауылдық туризм әлемдік туристік индустрияның ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Осы орайда, республикамыздың ауылдық аймақтарының жағдайын көтерудің әрі экономикалық тұрғыдан тиімді шағын туристік орталық ретінде маңызын арттырудың негізгі жолы - агротуризмді дамыту ісіндегі шетелдік тәжірибені игеру және оны өз мемлекетіміз ішінде рационалды түрде қолдану.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
думаю правильный ответ