«Мен инженер боламын,
Жерден алтын табамын.
жолын қуам әйгілі
Академик ағаның»,
«Мен ғарышкер боламын,
Жұлдызға ұшып барамын,
жолын қуам атақты
Тоқтар сынды ағаның»,
«Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де, баланың.
Киналғанда қасына
Бірінші боп барамын»,-
«Ал мен ақын боламын,
Сусылдаған қаламым.
Адамдардың жүрегін
Жырмен жаулап аламын»,
«Нан беретін баршаға
Жер маманы болам мен.
Барып жүрмін бақшаға
Агроном ағаммен...»
Деді Құрман ойланып.
Мен құп алдым айтқанын.
Ал өзім-ақ қой бағып,
Дайындармын ет жағын.
Answers & Comments
Ответ:Инженер-техниканың маманы. Инженерлік жұмыс жауапкершілікті қажет етеді. Инженер болу үшін:білімділік,ұқыптылық,шыдамдылық қажет.Ең бастысы техниканы жетік меңгеру керек.
Ғарышкер-ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. Алғашқы ғарышкерлер әскери ұшқыштар мен ұшқыш-сынақшылар қатарынан таңдалып алынды.
Дәрігер-маман дәрігер, педиатр, гигиенист, эпидемиолог, стоматологтың жоғары біліктілігі; адам ағзасының қалыпты жұмысын сақтап, аурудың алдын-алу және емдеуде өзінің дағдылары, білімі мен тәжірибесін қолданатын адам.
Ақын-поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.
Агроном-бау-бақша, егін шаруашылығымен айналысатын мамандық. Агроном болу үшін биология пәнін таңдау керек.
Объяснение:бәрі дұрыс мен тексердім!