Менің есімім – Алтынай. Менің туған жерім - Қарағанды облысы, Жезказған қаласы. Менің жасым - 12 – де. Мен қаламыздағы №8 қазақ гимназиясының ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныбында оқимын. Шет тілдерін оқығанды жақсы көремін. Сабақтан бос уақытымда қосымша үйірмеде қытай тілін оқып жүрмін. Мектепті ойдағыдай аяқтап, білімімді шетелде жалғастырғым келеді. Бұл - менің бала күнгі арманым. Осы арманымды іске асыру үшін сабақты бар ынтаммен оқып, қосымша білім алғанды жақсы көремін.
Сонымен қатар, аптасына екі рет балалар сарайындағы би үйірмесіне қатысамын. Осы өнерімнің арқасында әлемнің түкпір – түкпірін аралап, қазақтың би өнерін насихаттап жүрміз.
Үйдің үлкені болғандықтан, бос уақытымда анама барынша көмектесуге тырысамын, кішкене бауырларымның сабақтарын оқытып, үй жинастырамын.
Мен өзімнің қандай екенімді айтқаным, асыра мақтану болып кетер. Дегенмен, мен өзімді ұқыпты, тіл алғыш, ақылды бала санаймын. Үлкендердің айтқанын екі етпей орындап, үлкен кісілерді сыйлаймын, алдарын ешқашан кесіп өтпеймін. Бұл – ата – анамның берген тәрбиесі. Сонымен қатар, сабақ оқудан қолым бос уақытта анама үй жинасып көмектесіп, кішкентай қарындасымды ойнатқанды жақсы көремін!
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Мен қандай баламын?